СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

2023-2024 оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік ғалымдарды оқу үрдісіне тарту жоспарына сәйкес гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде шетелдік ғалымдар бакалавриат, магистратура  білімгерлеріне сабақ жүргізді. 7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы, ҚТӘм211 топ  магистранттарына 09.10.2023-04.11.2023 аралығында Түркия Республикасы, Нийде Омер Халисдемир университетінің оқытушысы, ә.ғ.д. Erdinc Demiray дәріс оқып, практикалық сабақтар жүргізді.