2023 жылдың 08 қараша күні жаратылыстану жоғары мектебінің жас ғалымдары арасында өткізілген «Zhetysu-Startup» инновациялық идеялар мен стартап жобалар байқауының нәтижелері жарияланды. Байқауға 2023 жылғы 02 қазаннан 29 қазанға дейінгі аралықта өтінімдер қабылданды. Жалпы 7 өтінім келіп түсті. Өтінімдер байқау талаптарына сәйкес тексерілді. Нәтижесінде келесі жүлделі орындар анықталды: 1 орын – Қалиақпар Дарын Қанатұлы; 2 орын – Ахметбай Дастан, Серік Бағлан, Даулетжан Назерке, Сералиев Данияр; 3 орын – Даулеткелді Аяжан, Жайлауханова Нурдана.
Сонымен қатар, байқау қатысушыларына университетішілік «Zhetysu – Startup» инновациялық идеялар мен жобалар байқауының ережелері таныстырылып, стартап жобаларды дайындаудың нұсқаулары берілді. Байқау жеңімпаздары «ZHETYSU-STARTUP-2024» инновациялық жобалардың ЖОО ішіндегі байқауына қатысуға жолдама алды.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/WhatsApp-Image-2023-11-08-at-16.18.58-1-1024x586.jpeg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/WhatsApp-Image-2023-11-08-at-16.18.57-1-1024x461.jpeg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/photo_5359590522634752331_y-1-728x1024.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/photo_5359590522634752320_y-1-1024x813.jpg)