Олимпиада

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, «Шет тілдері және аударма ісі» білім беру бағдарламасы Талдықорған қаласы және Жетісу облысының орта мектептері, гимназиялары, лицейлері және орта арнаулы оқу орындарымен (колледждерімен) бірлесіп «The Best Englishmen 2023» атты облыстық олимпиадасын ұйымдастырады. Конкурсқа жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің 10-11 сынып оқушылары және орта арнаулы оқу орындарының (колледждердің) студенттері қатыса алады.

  • Қатысушыларды тіркеу – 2023 жылдың 19 қарашасына дейін.
  • Байқаудың 1-туры 2023 жылғы 22 қарашада сағат 10.30-да Жетісу университетінің бас ғимаратының 502а кабинетінде өтеді.
  • 2 тур 2023 жылғы 29 қарашада қашықтықтан өтеді (23-29 қараша аралығында қатысушыларға бейнеролик дайындауға уақыт беріледі)

Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:

  • видео ұзақтығы-3 минут;
  • презентация ағылшын тілінде болуы керек;
  • видеоны түсіру және редакциялау кезінде арнайы құралдарды қолдануға тыйым салынады (фондық дыбыстарды, анимацияларды, арнайы эффектілерді, сүзгілерді және т. б.);
  • қатысушыдан басқа бөгде адамдардың қатысуына болмайды.
  • Байқау жеңімпаздарын марапаттау 2023 жылдың 30 қарашасында өтеді.