Польшадағы презентация

Құқық және экономика Жоғары мектебінің докторанты Дигай Дамир шетелдік ғылыми тағылымдама барысында университет басшылығына, профессор-оқытушылар құрамына және Katowice Bussines University жас ғалымдарына докторлық диссертация аясында атқарған жұмыстарын таныстырды. Ғылыми жетекшісі-Дания Нұрмұханқызы PhD, қауымдастырылған профессор.

Презентациялық кездесуге «Құқық» факультетінің деканы, «Құқық» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы – Andrzej Bisztyga, шетелдік ғылыми кеңесші; заң ғылымдарының докторы, профессор Daniel Wojtczak; экономика ғылымдарының докторы, профессор Stefan Dyrka, сондай-ақ университеттің жас ғалымдары қатысты.