Рейтинг

Жетісу университеті Азиядағы ең үздік QS Asia University Rankings 2024 университеттер рейтингісі қатарында

Биыл І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті QS Asia University Rankings 2024 әлемдік рейтингіне қатысып, Азияның үздік университеттерінің қатарына 651-700 орынға және  Орталық Азия бойынша 39 орынға ие болды. Биылғы жылы QS Asia University Rankings 2024 жаңа рейтингіне әлемнің 25 елінен (Қытай, Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Жапония, Үндістан, Қазақстан және т.б.) және қазақстандық 34 университет, әлемнің 856 жоғары оқу орны қатысты.