Байқау

Агрономия мамандығының 4-курс білімгерлері 2023 жылғы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары Республикалық байқауында «6В08104-Өсімдік қорғау және карантин» білім беру бағдарламасы бойынша үздік ғылыми-зерттеу жұмысына қатысты. Байқау нәтижесі бойынша техникалық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері биология ғылымдарының кандидаты Акмуллаева Айжан Сейткановнаның ғылыми жетекшілігімен  Калибекова Раушан министірліктің  III-дәрежелі дипломымен марапатталды.

Жеңімпазды Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Андасбаев Ерлан Сүлейменұлы және ұжымы құттықтады. Алдағы ғылыми бағыттағы жұмыстарына сәттілік тіледі.