Ұстаз – ұлттың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырады. Оның тәлім-тәрбиесі – парасатты патриотизмнің мектебі, бірлікті қадірлеудің негізі. Осы орайда, университетте «AQYL BATTLE» ойыны 15-қараша күні педагогикалық практиканың жоспарына сәйкес өткізді. «Aqyl Battle» ойынының мақсаты — білімді насихаттап, білімгерлердің ақыл-ой танымын, білімін нығайтуға арналған. Бұл ойынға қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандығының 1-4 курс студенттері қатысты. Жастарды білімге, оқуға құлшынысын және бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру мақсатында бастау алған ойын бірнеше кезеңдерден тұрды.
І кезең. Тіл біліміне кіріспе
ІІ кезең. Грамматика әлемі
ІІІ кезең. Әдебиет әлемі
ІV кезең. Ұлы тұлғалар
V кезең. Кім біледі?
Ойынға қатысқан «Көзайым», «Көркем-ай», «ЖУ жауһарлары» топтарының дайындығы көңіл қуантарлық. Барлық қатысушы жоғары деңдейде дайындалғанын ойын барысында өз білімі мен білігін байқатты. Ойын нәтижесінде қатысушылар дипломдармен және «Асыл қазына» кітап дүкенінен қалаған зат алуына арналған сертификаттар табысталды. Магистранттар эдвайзері Г.Т. Сырлыбаева мен 2-курс магистранттары «AQYL BATTLE» интеллектуалды ойынын ұйымдастыру арқылы студенттерге оқу процесінің қарқындылығы арттыра түскені үшін рақмет айтамыз.