ҚР Мемлекеттік гранттық жобасы АР19678345 «Бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін зерттеушілік құзыреттілік арқылы дамыту» аясында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне ғылыми іссапар

2023 жылғы 8–18 қараша аралығында 2023–2025 жылдарға арналған «Ғылымды дамыту» бюджет бағдарламасы №217, «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» қосымша бағдарламасы №102 аясында, АР19678345 «Бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін зерттеушілік құзыреттілік арқылы дамыту» жобасының мүшелері – К.Т. Ыбыраимжанов, А.С. Таурбекова, С.А. Фейзулдаева, Б.К. Кыстаубаева, Г.К. Есполова, А.Т. Тынысханова, А.О. Болатбековалар – сауалнама жүргізу, семинарға қатысу және тәжірибе алмасу мақсатында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне ғылыми іссапармен барып қайтты.
2023 жылғы 8–18 қараша аралығында өткен іссапар барысында Педагогика және психология институты 6В01302 — Бастауыш білім бизнес инновациямен, 6В01303 — Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен, 6В01304 — Бастауыш білім көптілділікпен, 6В01306 — Бастауыш білім ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларының студенттері мен оқытушыларына сауалнама жүргізілді. Сауалнама болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттері мен зерттеушілік құзыреттілігіннің даму деңгейін анықтауға, сондай-ақ олардың зерттеу қызметіне деген ынтасы мен қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жоба мүшелері педагогикалық мамандық студенттерінің шығармашылық дағдылары мен зерттеу қызметін дамытуға арналған заманауи әдістемелерге талдау жасалды. Іс сапарға барған жоба мүшелері «Бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушыларымен жүргізілген пікіралысу барысында жалпы жоғары оқу орындарындағы лекция сабақтары, шеберлік сыныптары және пікірталас панельдерін ұйымдастыру жолдарын қарастырып.,кәсіби білімдеріін кеңейтуге және инновациялық білім беру тәсілдерін талдады.
Іссапар аясында сондай-ақ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушыларымен тәжірибе алмасу өткізілді, онда әрі қарайғы ынтымақтастық мүмкіндіктері, зерттеу қызметін енгізудің табысты тәжірибелері және бірлескен ғылыми шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктері талқыланды. Іссапар нәтижесінде сауалнама деректері жиналып, талданып, оқу процесіне енгізу үшін жаңа әдістемелік материалдар мен ұсыныстар алынды, сондай-ақ жобаның дамуына ықпал ететін әріптестік байланыстар орнатылды. Іссапар сәтті өтіп, барлық қойылған міндеттер орындалды, бұл гранттық жобаның тиімділігін арттыруға және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттілігін нығайтуға мүмкіндік береді.