ДЗЮДО ЖАРЫСЫ

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұйымдастыруымен білімгерлер арасында өтіп жатқан спорттық жарыс өз жалғасын табуда. Кезекті дода дзюдодан Қазақстан Республикасының Ұлттық студенттік лигасына ірітеу мақсатында өткізілді. Оған университеттің жоғары мектептері мен Жансүгіров колледжі қатысты.

Бұл сында Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің палуандары белсенділік танытып жүлдегер атанды. 81 келі салмақта Мұратхан Ермахан және 60 келі салмақта Мұратқажыұлы Ақжол ІІІ орын иеленді. Жалпы командалық есепте біздің спортшылар ІІІ сатыға жайғасты.

Жеңімпаздар мен білімгерлерді құттықтаймыз!