Олимпиада қорытындысы

Шетел тілдерінен пәндік олимпиада қорытындысы

9.11.2023-17.11.2023 жылы аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, Шетел тілдері және аударма ісі білім беру бағдарламасының жетекшісі Д.М.Жабыкбаева бастаған профессорлық оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен студенттер арасында ағылшын, қытай, түрік және неміс тілдерінен пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға университет оқытушылары – Г.Қ.Байгуданова, С.Б.Дюсебаева, Қ.Жұмағали, Ш.М.Нусупова, М.Г.Ашимова, Г.А.Тлегенова, С.М.Машанова, С.А.Уалиева, М.А.Маукебаева, А.Қ.Оспан белсене ат салысты. Ағылшын тілінен пәндік олимпиада ұйымдастырған Г.Қ.Байгуданова, Б.С.Дюсебаева,  Ш.М.Нусупова студенттерді жоғары деңгейдегі критерийлермен бағаласа, қытай тілінен Б.С.Дюсебаева, Қ.Жұмағали студенттердің сөйлеу дағдысына арналған тапсырмаларды орындата отырып, білімдерін тексерді, ал түрік тілінен М.Г.Ашимова, Г.А.Тлегенова түрік тілінде студенттердің сөйлеу мәнері мен сөйлемнің грамматикалық құрылымына аса мән берді, неміс тілінің оқытушы-дәріскерлері С.А.Уалиева мен С.М.Машанова студенттерден лексикалық қор мөлшері, өз ойын жеткізе алу қабілеттерін тестіледі. М.А.Маукебаева, А.Қ.Оспан «Аударма теориясы» пәнінен аудио-визуалдық материал бойынша ауызша аудармасынан білімгерлердің қабілеттерін айқындады. Университет студенттерінің арасында болған тартысты додада оқ бойы озып шығып, үздік атанған студенттер:

Ағылшын тілінен пәндік олимпиада жеңімпаздары:

 1 – ші орын –Қалибеков Данияр

 2- ші орын – Коломиец Дарья

 3 – ші орын – Алимхан Толғанай

Қытай тілінен пәндік олимпиада жеңімпаздары:

Екінші курс:

                1 – ші орын –Жумадилова Назерке

                2- ші орын – Кагиликова Маржан

                3 – ші орын – Тойтелинова Арайлым

Үшінші курс:

                1 – ші орын –Ерғали Құралай

                2- ші орын – Қанатабек Жібек

                3 – ші орын – Аманыш Меруерт

Түрік тілінен пәндік олимпиада жеңімпаздары:

Екінші курс:

                1 – ші орын –Малзуб Анастасия

                2- ші орын – Рахманова Жаннұр, Омарбекова Диана

                3 – ші орын – Зейналова Яна, Жұмабек Асель, Ғылымбекова Ажар

Үшінші курс:

                1 – ші орын –Бисембаева Диана

                2- ші орын – Жасқайратұлы Нұрасыл, Байсақ Малика

                3 – ші орын – Саркеева Балауса, Доғдырбай Дениза, Мулкибаева Маржан

Неміс тілінен пәндік олимпиада жеңімпаздары:

                1 – ші орын –Ахметбекова Еркежан, Дүйсенғазы Алина

                2- ші орын – Уақбаева Анна, Сәрсенбаева Аружан, Капалова Алия

                3- ші орын – Алихан Толғанай, Ермұхан Малика

«Аударма ісі» пәнінен олимпиада жеңімпаздары:

Екінші курс:

                1 – ші орын –Листопадов Алексей  Михайлович

                2- ші орын – Адыкова Жанэль Ержановна

                3 – ші орын – Төлеген Толғанай Айболқызы

Үшінші курс:

                1 – ші орын –Әмірғали Гүлім Ерболатқызы

                2- ші орын – Жумақан Дильназ

                3 – ші орын – Нұрсанова Сания

Студенттерді жеңісімен құттықтаймыз!