01.12.2023 ж. Педагогика және психология білім беру бағдарламасының ППқ-411 тобында «Basics of psychological Counselling» пәнінен «Behavioural approach to family Counselling» тақырыбында ашық сабақ өткізілді! Ашық сабақ барысында отбасылық кеңес беруде кеңінен таралған лудомания, психологиялық бедеулік, газлайтинг сынды мәселелер талқыланып, олардың алдын алу мен психологиялық көмек көрсету бойынша техникалардың спектрі практика жүзінде қолданылды. Ашық сабақ соңында «Отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес» апталығына белсенді қатысқан білімгерлер марапатталды.
Ашық сабақты өкізген: оқытушы-дәріскер, философия докторы PhD Райгүл Серікқызы Желдибаева