Дәріс

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРЫНЫҢ  ДӘРІСТЕРІ

06.11.2023 ж. – 06.12.2023 ж. жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Абай атындағы қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), п.ғ.к. Исаева Гульнара Бостановна Zoom платформасында 6В01502–«Математика-Информатика» білім беру бағдарламасының 4 курс білімгерлеріне «Планирование современного урока» пәні бойынша қашықтықтан оқыту сабақтарын өткізуде. Түрлі интербелсенді әдістерді қолдана отырып өткізген дәріс пен практикалық сабақтарға білім алушылар қызығушылықпен қатысып, талқылауда.