ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Қысқы емтихан алдында 29 қараша күні Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері, PhD Каримова Бибігүл Жұмашқызы «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында өз жетекшілігіндегі топтарға кураторлық сағат өткізді.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің академиялық қағидаларын түсіндіру және тәртіп бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ұйымдастырылған сабаққа ЖҚ-311, ЖҚ-211, ҚБҚ-211 және ЖҚ-111 топ студенттері қатысты.

Сабақ барысында білімгерлер емтихан ережелерімен танысты. Академиялық адалдық жайында сөз қозғап, өз ойларымен бөлісті.