МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА ЕСЕБІ

2023 жылдың 18 қазаны мен 23 қарашасы аралығында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «7M01701-Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары педагогикалық практикадан өтті. Педагогикалық практика барысында магистранттар білім беру бағдардамасының профессорлық-оқытушы құрамының сабақтарына қатысып тәжірибе алмасты және де осы аралықта бакалавриат білімгерлеріне дәріс оқып, практикалық сабақтарын жүргізді. Әр магистрант ашық сабақтар ұйымдастырып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Іс-тәжірибе нәтижесінде магистрантар «Aqyl Battle» және Қайрат Жолдыбайұлының «КЕМЕЛ АДАМ» кітабының мазмұны бойынша “БОЛАШАҚ ИДЕАЛЫ – КЕМЕЛ АДАМ” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Қорытындылай келе, практика өз деңгейінде өтті және есеп берілді.