ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

«2023-2024 оқу жылында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қазақстандық ғалымдарды оқу үрдісіне тарту» жоспарына сәйкес Филологтарды даярлау білім беру бағдарламасында белсенді жүзеге асуда. 06.11.2023-02.12.2023 аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры м.а., ф.ғ.к. Абасилов Аман Маделханович  6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы, ҚТӘ 311 топ  білімгерлеріне «Қазақ тілінің стилистикасы» пәнінен дәріс оқып, практикалық сабақтар жүргізді. Сабақ барысында білімгерлер пікір алмасып, білімдерін жетілдірді.