6 желтоқсан күні “География-тарих” білім беру бағдарламасының ГТҚ411 топ білімгерлерімен, жетекшісі Дюсембинова С.М. “Жас ұрпақтың рухани жаңғыруы – ұлттық сананың кемелденуі” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
“Жас ұрпақтың рухани жаңғыруы – ұлттық сананың кемелденуі” бағдарламасы заманауи тәуекелдіктер мен жаһандық талаптарды ескере отырып, ұлттың рухани құндылықтарын жаңғыртуға, сондай-ақ Қазақстанның заманауи әлемдегі басекелік қабілеттілігін арттыруға, ұлттық сәйкестікті сақтауға, азаматтардың мәдени білімін және сана-сезімінің жоғары екендігін дәріптеуге бағытталған. Міне, осы сапалардың барлығы қазақстандықтар сүйенетін негізге, тірекке айналуы тиіс.