07.12.2023 ж. «Географ-зерттеуші» студенттік клубының мүшелері, 6В01509-География пәнінің студенттері, оқытушылар Н.Н.Керімбай және Б.С. Керімбаймен бірге Үштөбедегі Қаратал тарихи-өлкетану мұражайында танымжорық сабағын өткізді.
Мұражайда «Жетісу флорасы мен фаунасы «, «Археология», «Этнография», «Қазақ хандығы», «Қаратал ауданының тарихы», «Ұлы Отан соғысы», «жазушы — Кемел Тоқаев» және «Аудан мақтаныштары» бөлімдері бар.
Мұражай экспозицияларында студенттер Жердің геохронологиясымен, өлкенің бірегей табиғи ландшафттары, Жетісу флорасы мен фаунасы туралы материалдармен, археологиялық құндылықтармен, Қазақ халқының тұрмыс заттарымен, қолданбалы өнер туындыларымен, ауданның белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің еңбегімен, тарихи оқиғалармен танысты.
Мұражай инновациялық цифрлық технологияларға негізделген, заманауи мультимедиялық ақпараттық технологиялар барынша пайдаланылған. Студенттер материалдармен 3D форматты планшеттерді қолдана отырып, үш тілде электронды түрде танысу мүмкіндігіне ие борлды.