Кездесу

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 7-8 желтоқсан аралығында «Таза сессия» акциясы аясында кездесулер өткізілді. Акцияға барлық жоғары мектептердің студенттері, декандар, Тіркеу кеңсесінің директоры, «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің басшысы және университеттің комплаенс-офицері қатысты.
Кездесулерде студенттерге сессияны тапсыру ережелері мен регламенті түсіндірілді.
Мұндай акциялар емтихандарда студенттерге қойылатын талаптар туралы хабардар ету үшін ғана емес, сонымен бірге жалпы білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін де қажет.