Семинар

2023 жылғы 24 қарашасында ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімінің сарапшысы Қамбарова Айгерім және ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімінің маманы Туктубаев Бауыржан ПОҚ және әлеуетті жетекшілер үшін семинар өткізді.

Семинар тақырыптары: 1.«ҰМҒТСО жүйесі арқылы ғылыми (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурстық өтінімдер беру»;

2.«ҰМҒТСО сайтында зерттеуші профилін толтыру бойынша оқыту семинары».

Семинарға ғылыми жобалардың әлеуетті жетекшілері мен орындаушылары, декандардың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарлары қатысты.