ПРАГА ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ PHD ДОКТОРЫ ДӘРІСТЕРІ
11.10.2023 ж. — 17.11.2023 ж. Чехия Республикасы, Daskova Viktorie білім беру бағдарламаларының сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде 7M04101 «Экономика» білім беру бағдарламаларының магистратурасының 2 курс білім алушыларына «The global economy and internationalization of companies» пәні бойынша дәріс оқыды және практикалық сабақтар өткізді, 7M04106 «Методология научных исследовании в финансовой сфере» пәні бойынша виртуалды форматта сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы саны 90 сағат (60 сағат дәріс, 30 сағат практикалық сабақ) жүргізіп өз тәжірибесімен бөлісті. Сабақ барысында студенттер ғылыми бағыттағы сыныптарда оқытудың ерекшеліктерімен, сондай-ақ әдістеменің негізгі принциптерімен және оқытудың инновациялық әдістерімен танысты.