Виртуалды академиялық ұтқырлық

23.10.-25.11.2023 ж. аралығында ішкі виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында экономика ғылымдарының магистрі, Алматы Менеджмент Университетінің аға оқытушысы Кошкина Наталья Валентиновна Zoom платформасы арқылы «Жобаларды басқару» пәні бойынша 6В04109 – «Ақпараттық ресурстарды басқару» білім беру бағдарламасының студенттеріне сабақ өткізді. Білім алушылар жобалық басқару әдіснамасының негізгі ережелерімен танысып, оны өз жобасын әзірлеу және қорғау арқылы тәжірибеде қолдана алды.