ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАҒА БАҒЫТТАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

19 желтоқсан күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім  беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне педагогикалық, ал 4 курс студенттеріне өндірістік практикаға бағыттау конференциясы өтті. Конференция барысында практикант  үшін қажетті ақпараттар берілді. Филологтарды даярлау білім беру бағдарламасының оқытушылары оқушылардың алдында келбетін түсірмеу мақсатында өзін-өзі ұстауды, дұрыс сөйлеуді, мектеп ұжымымен тіл табысуды достық қарым-қатынасты орнату үшін ақыл-кеңестерін берді. Студенттер тарапынан сұрақтар, қойылып, қанағаттанарлық жауаптар алынды.