Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған шеберлік сыныбы өтті. Бұл жолы университетімізге «Қазақстан» ұлттық арнасының Жетісу облысындағы меншікті тілшісі Қуаныш Серікханов келген еді. Ол сюжет жасаудың, Stand-up жазудың ерекшеліктерін атап, өзінің тілшілік тәжірибесімен бөлісті.
Жалпы, журналистика – әмбебап мамандық. Ол сала өздігінен бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде тележурналистика – ең мықты БАҚ құралы ретінде саналады. Бейнемен қатар, аудио және бейнеэффектілер қолданылады. Автордың пікірін ортаға алады. Музыкалық әсемдеу жүреді. Аудиторияны тарту мүмкіндігі зор.
Осындай жауапты мамандық иесіне білімгерлер қызыға қарап, таңданыстарын жасырмады.