Академиялық ұтқырлық

«Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті» Жоғары білім берудің федералды мемлекеттік автономды білім беру мекемесінің виртуалды академиялық ұтқырлығы (Ресей)

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 16 қазан мен 2 желтоқсан аралығында «Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті» федералды мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесінің доценті (Ресей, Челябинск қ.) п. ғ. к.,доценті А. И. Федоров «Әлемдік деңгейдегі спортшыларды даярлау (әдіснама, әдістер, инновациялар)» және «Жаттығу процесінің тиімділігін қамтамасыз етудің техникалық құралдары» оқу курстары бойынша магистранттар үшін онлайн-сабақтар өткізілді. Сабақ барысында жоғары білікті спортшыларды даярлаудың заманауи жүйелері мен тұжырымдамалары ұсынылды; спортшыларды даярлаудың әртүрлі түрлеріне сипаттама берілді; спортшыларды көп жылдық даярлаудың әртүрлі кезеңдерінде оқу процесін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік тәсілдері қарастырылды; спортта кешенді бақылау және басқару жүйесі ұсынылды; жаттығу процесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдардың кейбір түрлері қарастырылды. Оқу курсының материалдарына қол жеткізу дене шынықтыру және спорт мамандандырылған сайты түрінде орындалған цифрлық білім беру ресурстарының көмегімен қамтамасыз етіледі (https://taplink.cc/physicalculture).