Хабарландыру

«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 040009, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 187 а «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректоры бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Қоғамның орналасқан мекенжайы: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 187 а.

Қызметінің негізгі мәні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру, іргелі ғылыми және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру болып табылады.

Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1)  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы;

2) тиісті салалардың уәкілетті органдарында және (немесе) білім беру мекемелеріндегі басшылық қызметте 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

1)   жиырма бес жасқа толмаған;

2)   бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;

3)   белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4)   медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысу үшін уәкілетті органға қағаз және электрондық тасымалдағышта келесі құжаттар ұсынылады:

1) Қосымшаға сәйкес үлгідегі өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті суретімен қоса Қосымшаға сәйкес үлгіде қызмет тізімі;

4) жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;

5) білім туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін олардың түпнұсқаларын ұсыну арқылы:

— Қазақстан Республикасының азаматтары — «Болашақ» халықаралық стипендия иегерлеріне шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтар және зертханалармен берілген, сонымен қатар өзара мойындау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен шетелдік білім беру мекемелерінен алынған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген білім туралы осы құжаттарды нострификациялау немесе мойындау туралы куәліктердің көшірмесі қоса тіркеледі;

— «Болашак» халықаралық стипендиясының игерлерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен берілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашак» халықаралық стипендиясы бойынша оқуын аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса тіркеледі;

— өзара мойындау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген осы білім беру құжаттарын мойындау туралы анықтаманың көшірмелері қоса тіркеледі;

6) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе соңғы) кадрлық қызмет куәландырған еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамаларының үлгілеріне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6697 болып тіркелген) сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін алты ай ішінде берілген денсаулығы туралы №75/е үлгі бойынша медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

8) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде берілген психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

9) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;

10) қылмыстық заңнамаға сәйкес, қызметке орналасуға тыйым салынбағандығын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне (каб. 643) тапсыру қажет, телефоны: 8 (7172) 74-24-26, 74-27-25; email:m.tursumbaeva@sci.gov.kz