«Step to PhD: докторанттың ғылыми-зерттеу қызметі» ғылыми-практикалық семинары
06.02.2024 ж. Педагогика және психология жоғары мектебінің «Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері» білім беру бағдарламасының бастамасымен докторанттар мен магистранттарға арналған «Step to PhD: докторанттың ғылыми-зерттеу қызметі» атты ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырылды.
«Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері» білім беру бағдарламасының жетекшісі, философия докторы PhD Р.С. Желдибаева «PhD: басты кедергілер» тақырыбында форсайт-сессиясын өткізді. Eötvös Loránd университетінің (Будапешт) 3 курс докторанты Қ.Есимханова шетелде докторантурада оқу бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Педагогика және психология жоғары мектебінің ғылыми жұмыс бойынша деканның орынбасары А.О.Есимбекова Scopus мақаласын делдалсыз жариялаудың жолдарымен бөлісті.
Сонымен қатар, «Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері» білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты А.Ахметсапа докторанттармен диссертациялық жұмыс шеңберіндегі модельдеу және шетелдік тағылымдамадан өту бойынша тәжірибесімен бөлісті. Семинарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы В.Р.Бурнашева, бас әдіскері И.К.Нысанбаева, аға әдіскері Б.Қ.Амирова қатысып, докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру бойынша сұрақтарға жауап беріп, докторанттардың тарапынан берілген ұсыныстарды тыңдады. Іс-шараға Жетісу университетінің жас ғалымдарымен қоса, Абай атындағы ҚазҰПУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің докторанттары қатысып, өзінің сұрақтарына жауап алып, белсенділік танытты.