«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру қоры 2024 жылдың басында «Үздік Студент – 2024» байқауын өткізді. Бұл байқауда білім алушылардың академиялық жетістіктері, көшбасшылық қасиеттері және университет қауымдастығына қосқан үлестері бағаланады.
Байқау қорытындысы бойынша жаратылыстану жоғары мектебінің «6В01507 Химия-Биология» БББ білім алушылары Савченко Милана, Смағұл Ербол мен Ерғожа Мерей өздерінің оқу және ғылыми қызметіндегі үздік жетістіктері үшін дипломдармен, төсбелгілермен марапатталды. Студенттердің ғылыми жетістіктері халықаралық кітап басылымында жарияланды. Ғылыми жетекшісі – оқытушы-дәріскер Ыбраймжанова Л.К.
Марапат иелерін жетістіктерімен құттықтаймыз және шығармашылық, ғылыми табыстар тілейміз!
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2024/02/image-31-576x1024.png)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2024/02/image-32-768x1024.png)