Ақпан айының 12 күні Журналистка және ақпарат ББ-ның оқытушы-дәріскері Ілескен Әлбатырұлының ұйымдастыруымен ЖҚ-311 топ студенттерімен «Жанрларды меңгеру әдісі: тақырып, идея, желі және мазмұны» атты ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақтың мақсаты – «Жазу шеберлігі» пәні бағытында атқарылған жұмыстарды саралау. Сонымен қатар, мақала жазудағы журналистік шеберлік, тартымды тақырып қою өнері, мақала түйінінің маңызы, оқырманды баурап алудың басты жолдары туралы сөз өрбіді. Білімгерлерге бірнеше мақала ұсынылып, оның мән-мазмұны, идеялық ерекшелігі, мақсат еткен оқиға желісінен айнымау жолдары айшықталды.
Білімгерлердің қиялынан туындаған мифтік әңгімелер тізбегі қонақтарға ұсынылып, талқыланып, редакцияланды. Дәріскер алдағы уақытта студенттердің жүрегінен туындаған озық туындыларды жинақтап, жинақ шығаруды пәннің негізгі бағдары деп атады.
Сабақ соңында ББ меңгерушісі Жұмағали Бейсенбекұлы білімгерлердің қауқары мен жазылған еңбектерін жоғары деңгейде бағалады. Алға қойған жоспарларына демеу білдіріп, қолқабыс ететінін жеткізді.