ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

2024 жылғы 28 ақпан күні «Жетісу облыстық білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Д.Қонаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткізілген «Білім сапасын арттырудың тиімді жұмыс режимі» тақырыбындағы семинар жұмысына п.ғ.д., профессор Е.Ж.Смагулов қатысты. Профессор семинар барысында «Мектеп оқушыларына жоғары математика элементтерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолдану әдістемесі» тақырыбында баяндамасын оқыды.

Семинарға қатысушылар мазмұнның қанықтылығын, іс-шараның практикалық бағыты мен өзектілігін атап өтті.