Конференция

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің IV халықаралық конференциясы

14 мамырда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің «Мектеп пен мектепке дейінгі білім беруді дамытудың қазіргі кезеңіндегі орыс тілі мен әдебиетін оқытудың мәселелері мен болашағы» атты .IV халықаралық конференциясы өтті.

Конференцияны орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Жетісу өңірінің әдістемелік орталығының мамандарымен бірлесіп ұйымдастырып, өткізді. Конференцияға Қазақстан Ресей, Армения, Беларусь, Үндістанның, Египет елдерінің оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары қатысты.

Г.О.Носова атындағы (Ресей) Магнитогорск мемлекеттік техникалық университеті ғалымдарының баяндамалары көпшіліктің қызығушылығын тудырды:

Педагогика ғылымдарының докторы, орыс тілі, жалпы тіл білімі және бұқаралық коммуникация кафедрасының профессоры Пономарева Любовь Дмитриевна: «Речетворческие технологии в системе обучения русскому языку», педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Оксана Вячеславовна Дорфман: «Стратегия обучения русскому языку в российских школах в контексте изменений образовательного стандарта»», Г.И. Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінің көпсалалы колледжінің оқытушысы Губчевская Екатерина Алексеевна: «Текстоцентрический кейс как лингводидактическая основа современного урока русского языка» тақырыбында баяндамалар жасады.

          Конференцияға қатысушылардың дені – бүгінгі күні республикамыздың көптеген оқу орындарында өз тәжірибелерімен бөлісіп жүрген  жоғары білікті мамандар болып табылатын кешегі біздің түлектеріміз. Олардың қатарында Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елена Вячеславна Сомова, Талдықорған қаласындағы №12 орта мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елена Рустамовна Филимонова, Наталья Сергеевна Максименко Сарқан ауданы, Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының   орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және т.б.

          Конференцияда 4 курс білімгері Алена Клинчук «Білім беру мүмкіндіктерін кеңейту: орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында нейрондық желілерді қалай пайдалану керек» атты баяндама жасады.