Ресми іс-сапар

2024 жылдың 6-13 мамыры аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ғылыми жобасы бойынша зерттеу тобының мүшелері Д.А.Калдияров, С.С.Жакипбекова, Д.Нұрмуханқызы, А.Е.Беделбаева, М.А.Шмидт Цукуба университетіне (Жапония) ресми іс-сапармен барып, жұмыс бағдарламасы аясында білімгерлердің әртүрлі санаттары үшін оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелерін, оқыту үшін қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету бойынша жапон университеттерінің тәжірибесін, сондай-ақ Цукуба университетімен серіктестік мүмкіндіктерін талқылады. Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар институтының деканы Usuyama Toshinobu, гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің профессоры Timur Dadabaev, білімгерлермен алмасу бөлімінің халықаралық администраторы Yuji Kajiyama қатысуымен өткен талқылаулар мен кездесулердің нәтижесінде студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы шеңберінде өзара ынтымақтастықтың, сондай-ақ бірлескен жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру аясында университеттердің ғылыми коллаборациясының негізгі бағыттары анықталды.