Көрме

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Маңғыстау, Атырау облыстарына бөлінген нысаналы білім беру гранттары бойынша Қазақстандық Жоғары білім көрмесіне қатысты. 2024 жылғы 13-17 мамыр аралығында жүргізілген Қазақстандық Жоғары білім көрмесіне Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бауржан Таубаев және университет қызметкерлері қатысып келді.

Аталған жиын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен 2024 жылғы 13-17 мамыр аралығында Маңғыстау және Атырау облыстарында өтті. Оған еліміздің 40-тан астам жетекші Жоғары оқу орны қатысты. Шара мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Маңғыстау және Атырау облыстарының талапкерлеріне арнайы бөлінген нысаналы білім беру гранттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев батыс өңірлерінің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту мәселесі бойынша ЖОО өкілдерімен кездесу өткізіп, ақпараттық науқанды өткізу мәселесі талқыланды. Түсіндіру жұмыстары шеңберінде 13-14 мамырда Ақтау қаласы, Оқушылар сарайында 3000-ға жуық, 20-дан астам ЖОО өкілдері 14 мамырда Жаңаөзен қаласы, Мұнайшы мәдениет үйінде, яғни екі күннің ішінде 7000-нан астам 10-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

Ал 16-17 мамырда Атырау қаласы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Жоғары білім көрмесіне екі күнге созылған көрмеге 4000-нан астам талапкер келді. Кездесуде мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналар үшін жоғары оқу орындары таныстырылды. Сонымен қатар, атап өткен жиындарда болашақ талапкерлерге Жетісу университетінің басымдықтары, білім беру бағдарламалары, оқуға қабылдау тәртібі, халықаралық ынтымақтастық, академиялық ұтқырлық бағдарламасының мүмкіндіктері, студенттік белсенді өмір жайлы және т.б. сұрақтарына жауаптар берілді. Сондай-ақ мектеп оқушыларына 2022-2023 оқу жылы, 2023-2024 оқу жылы нысаналы білім беру гранттары бойынша Жетісу университетіне оқуға түскен білімгерлер университетте білімгерлер үшін жасалынған барлық жағдайлар туралы айтып өтті.

Әр ЖОО жайлы ақпарат беруге арналған уақыт аралығында түлектерге Университет, Білім беру бағдарламалары жайлы ақпарат беріліп, Университет, Жаңа жатақхана туралы бейнеролик көрсетіліп, университетіміз туралы әр түрлі сұрақтар қоя отырып, дұрыс жауабын тапқан оқушыға футболка, кепка, шоппер сыйға берілді.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тарапынан байқаулар мен ұтыс ойындары форматында семинар ұйымдастырып, мектеп пәндерінен сұрақтар қойып, Ұлттық бірыңғай тестілеуде 125 баллдан жоғары ұпай жинаған және ЖОО-ның логотипі бейнеленген жабыстырма көп жинаған түлектерге ЖОО-дарының бағалы имидждік өнімдері сыйлыққа таратылды.

Жоғары білім көрмесінің өткізілу барысында ҚР ҒЖБМ тарапынан Маңғыстаулық студенттердің бізбен бірге түсіндіріп жүргендерін, сапалы имиждік өнімдерімізді көріп өте жоғары деңгейде деп баға берді. Сонымен қатар, үздік ЖОО-дары біздің ұжымды, имидждік өнімдеріміздің мол болғанына қарап өте жақсы пікірлер айтты.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне Маңғыстау облысына – педагогикалық бағытқа – 20, ІТ бағытына – 10, Атырау облысына – педагогикалық бағытқа – 18. Жалпы 48 орын беріліп отыр. Соның негізінде, нысаналы білім беру гранттарын игеру үшін осы бағытта жұмыстар жалғасатын болады.