Семинар

2024 жылғы 21 мамырда «Кәсіби басылымдар, ғылыми мақала жазуға арналған Latex» тақырыбында ғылыми онлайн семинар өтті. Спикер – Ph.D, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, АӨК цифрландыру саласындағы технологиялық құзыреттілік орталығы директорының орынбасары Топаев Султан Орланович болды. Семинарды ұйымдастырушы: Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімі.

Семинар барысында Latex-те ғылыми мәтінді редакциялауға қатысты мәселелер талқыланды: формулаларды, суреттерді, кестелерді, пайдаланылған әдебиеттер тізімін және негізгі ғылыми мәтінді құру және қосу, сілтемелер мен гиперсілтемелерді мәтінге қосу. Іс жүзінде Latex-те редакциялау процесі және редакторды Word сияқты басқа мәтіндік редакторлармен салыстыру көрсетілді.