РобоЖУ-2024

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің Робототехника және мехатроника зертханасы, қазіргі жастарды оқыту және тәрбиелеу және оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту мақсатында 2024 жылғы 24 мамырда Жетісу облысының мектептері арасында робототехника бойынша жыл сайынғы «РобоЖУ-2024» олимпиадасын өткізді.

Олимпиадаға он төрт команда қатысты. Бірінші орынды Жансүгіров ауылынан, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектебінің «Vertu» командасы иеленді.. Екінші орынды Сарқан қаласынан, А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің «Абай» командасы иеленді. Үшінші орынды Жаркент қаласынан, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің «Altynsarin» командасы иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.