Семинар

2024 жылдың 29 мамырында «Эксперименттік дизайн және деректерді талдау (R-да)» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Спикер – PhD, Молекулярлық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі Ермекбаев Қанат Абайұлы. Семинар барысында келесі сұрақтар қарастырылды: эксперименттік дизайн түсінігі; сәтсіз және сәтті эксперименттік дизайн; деректерді статистикалық өңдеу; эксперименттегі репликация, рандомизация және блоктау т. б. Сонымен қатар, Қанат Абайұлы R-studio бағдарламасымен жұмыс істеу негіздерін түсіндіріп, қатысушылар деректерді статистикалық өңдеу бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.