Кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу сапасын арттыру мақсатында 2024 жылдың 30 мамырында университет деңгейінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу–әдістемелік бөлімімен барлық білім беру бағдарламаларының бітіруші түлектерінің арасында «Жыл практиканты» атты байқауы өткізілді. Конкурсқа қатысушылардың жұмыстары комиссия құрамымен объективті бағаланып, байқау қорытындысы бойынша ең үздік практика есептерінің иелері І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен, олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
1 орын — Рахимбекқызы Айнур, 6В03201 — Журналистика, ЖҚ 412 топ (жетекшісі: оқытушы-дәріскер Есенбек Жұмағали Бейсенбекұлы);
2 орын — Заманбекова Балжан Қанатбекқызы, 6В01508 — Биология, БҚ 411 топ (жетекшісі: оқытушы-ассистент Муталив Даулен);
2 орын — Өмірғали Назым, 6В01301 — Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, БҚ411 топ (жетекшісі: оқытушы-ассистент Кулсеитова Зауре Галиаллановна);
3 орын — Тоқтаған Бекзат Маратұлы, 6B06102 — Ақпараттық жүйелер, АЖҚ 411 топ (жетекшісі: оқытушы-дәріскер Мурсакимова Гульжан Алтайбековна);
3 орын — Темирбекова Арайлым Курманбековна, 6В01701 — Қазақ тілі мен әдебиеті, ҚТӘ411 топ (жетекшісі: оқытушы-дәріскер Разбекова Меруерт Тоқтасынқызы);
3 орын — Абдикаримова Назерке Мукашевна, 6В01510 — География-Тарих, ГТҚ 411 топ (жетекшісі: г.ғ.д., профессор Баймырзаев Қуат Маратұлы).
Жыл практиканты мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз!