Сессия

2024 жылдың 3-4 маусымында Erasmus+ DAAD өкілдері доктор Роберт Вагенаар (Нидерланды) және доктор Ирина Дарчиа (Грузия) білім беру бағдарламаларын баптау және білім беруді интернационалдандыру мәселелері бойынша екінші ZOOM сессиясы өтті. Жетісу университеті тарапынан Білім беру бағдарламаларын жаңарту жобалық офисінің жетекшісі Мария Шмидт университеттегі білім беру бағдарламалары туралы ақпаратпен таныстырды. Вебинарға Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының жетекшілері, сондай-ақ Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығының қызметкерлері қатысты. Вебинар нәтижелері бойынша Эразмус Мундус бірлескен магистрлік бағдарламасы және осы бағдарламаның үлгілері бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, педагогикалық оқытушы құрамды интернационалдандыру мәселелері де талқыланып, ағылшын тілін білуге ерекше көңіл бөлінді.