Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында шетелдік ғалымдарды оқу үрдісіне тарту жоспарына сәйкес Швеция елінен Лунд университетінің құқық әлеуметтану кафедрасының философия докторы, қауымдастырылған профессор Rustamjon Urinboyev, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2 курс білімгерлеріне «History of political law doctrines» пәнінен сабақ өткізуде. Сонымен қатар,шетелдік ғалыммен құқық саласы бойынша білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушылар құрамы құқықтық білім берудің ерекшеліктері бойынша тәжірибе алмасып, алдағы уақытта ғылыми жобалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудегі әріптестік мәселелерін талқылады және де болашақта білікті заңгер мамандарды даярлаудағы өзара ықпалдастық бағыттарын қарастырды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Жетісу университеті «Құқықтану» білім беру бағдарламасының білім алушыларына Лунд университетінде білім алуына, ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік ашылды.
https://disk.yandex.ru/d/eEBoEUsdyM_lBA/copy_47188417-B61A-42DA-A89E-F7485CBB0CE4.mov