Дәріс

Техникалық ғылымдар жоғарғы мектебінде сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша студенттердің білім алып, тәжірибе алмасуы оң нәтиже беріп келеді. Осындай игі қарым-қатынас «Чукуров Университеті, Деректерді басқарудың академиялық жүйесі (Түркия, Адана қ.)» жасалды. Аталған оқу ордасының беделді қызметкері, ғылым докторы, профессор, доцент Hakan Ozkan . «Plant Breeding and Seed Breeding» пәні бойынша 6В08101 – «Агрономия» білім беру бағдарламасының 3-курс білімгерлеріне (АҚ 311, тобы) дәріс оқыды. 2024 жылдың 03 маусым мен 27 маусым аралығында білімгерлер Агрономия саласында ұзақ жыл еңбек еткен маманның тәлім – тәжірибесі мен ұстаздың ұлағатына тәнті болды. 45 сағаттық дәрістен студенттердің түйгені – көп, өнегесі – терең.