АР19678345  «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзіреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» мемлекеттік гранттық қаржыландыру жобасы аясында Анкара қаласындағы Гази университетіне іс-сапар

2024 жылдың 22 — 29 маусым аралығында 2023-2025 жылдарда 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» конкурсы негізіндегі АР19678345  «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзіреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбы бойынша жоба мүшелері А.С. Таурбекова, С.А. Фейзулдаева,                            А.Т. Тынысханова, А.О. Болатбековалар тәжірибе алмасу мақсатында Анкара қаласындағы Гази уинверситетіне  іс-сапармен барып қайтты.  

Іс-сапар барысында зерттеушілер Гази университетінің Педагогикалық білімдер факультетінің п.ғ.д., профессор және ректор жәрдемшісі Южел Геличли мырзаның жетекшілігімен тағылымдама негізінде Негізгі білім беру кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Эбру Эрсай ханымның ұйымдастыруымен бастауыш және мектепке дейінгі білім беру бөлімдерінің екі күндік жазғы мектебіне қатысып, білім алушылардың шығармашылық ізденісімен, зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын бақылап, кафедраның оқытушыларынан сұрақ-жауап ала отырып, зерттеу тақырыбына қажетті ақпараттар алынды. Сапардың соңында жоба мүшелері тақырып аясындағы зерттеу жұмыстарына қатысып, тыңдаушы болғандары үшін факультет деканы Махмут Селвиден қатысып сертификатын алды.