PhD (философия докторы), қауымдастырылған профессор Дания Нұрмұханқызын Springer баспасында жарық көрген «The Political Economy of Central Asian Law» монографиясында оның авторлығымен бір бөлімнің жариялануымен құттықтаймыз!
«The Legal Issues of Opening and Running Gastronomic Entrepreneurships in Kazakhstan: A Case Study from the City of Taldykorgan» атты бөлімде Дания Нұрмұханқызы аймақтағы гастрономиялық бизнестің дамуына құқықтық және әлеуметтік факторлардың әсеріне талдау жүргізеді, формальды және формальды емес құқықтық реттеу нысандарына зерттеу жүргізеді. Бөлімде Орталық Азиядағы гастрономиялық бизнесті басқарудың құқықтық және әлеуметтік аспектілерін зерттеуге құнды үлес қосатын ақпарат келтірілген.
Сонымен қатар, монографияның Scopus-қа сәтті индекстелгенін атап өткен жөн, бұл оның халықаралық ғылыми қауымдастықтағы жоғары мойындалуын және Орталық Азиядағы құқық пен басқару туралы білімді дамытуға елеулі үлес қосқанын көрсетеді. https://link.springer.com/book/10.1007/978-3-031-55341-7?fbclid=IwY2xjawEQGhlleHRuA2FlbQIxMQABHazr1oq4vaVRrSkolxO2cD7fRiBIiXI0YqZ1eAelbv0ec6dxklLfa-sZGw_aem_OdPIrSQU0qnubWNk38OZ0w
Дания Нұрмұханқызына ғылыми мансабында одан әрі табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!