Конкурс

«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің комплаенс – офицер  бос қызмет орнына конкурс жариялайды.

Біліктілік талаптары:

 1) құқық, экономика немесе қаржы саласындағы жоғары кәсіптік білім;

 2) жоғары білім саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі болуы;

 3) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, Қоғамның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін білу;

 4) өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жеткілікті білімнің, тәжірибенің және біліктіліктің болуы;

 5) ұйымдастырушылық және аналитикалық қабілеттер мен дағдылардың болуы;

 6) компьютерлік дағдылардың болуы;

 7) Қоғам қызметінің ерекшеліктерін білу;

 8) мемлекеттік және шет тілдерін білу.

 Магистр немесе PhD докторы дәрежесіне артықшылық беріледі.

                                 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. Басқарма Төрағасы-Ректордың атына жазылған өтініш;
  2. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы, өмірбаян;
  3. Жоғары білім, магистр немесе PhD докторы дипломының нотариалды куәландырылған көшірмелері ;
  4. Мінездеме;
  5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
  6. № 075 медициналық анықтама.
  7. Тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдардан анықтама.  

Құжаттар тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күн.  Құжаттарды мына мекенжайға тапсыру керек:

Талдықорған қаласы,

Жансүгіров к., 187а,

І. Жансүгіров атындағы ЖУ

Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы  

тел. 8(7282)22-00-51,  ұялы тел. 87014899771