НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС !!!

 «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ факультет деканы  бос  лауазымдарына  орналасуға  конкурс жариялайды:

  • Физика-математика факультетінің деканы;
  • Жаратылыстану-техникалық факультетінің деканы;
  • Дене шынықтыру және өнер факультетінің деканы;
  • Педагогика және психология факультетінің деканы;
  • Құқық және экономика факультетінің деканы.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН  ТАЛАПТАР

Негізгі талаптар:

 — жоғары оқу орындарында мамандарды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (жоғары арнаулы білім);

— ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша докторы дәрежесінің болуы;

—   ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;

— соңғы 3 жылда менеджмент саласында білім беру ұйымдарының басшылары үшін біліктілігін арттыру туралы сертификаттың болуы  (көлемі 72 сағаттан кем емес).

Қосымша талаптар:

— ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылатын ғылыми жарияланымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда соңғы 5 жыл ішінде жарияланған кемінде 5 ғылыми мақаланың және JCR (JSR) бойынша импакт-факторы бар немесе Science Citation Index Expanded дерекқорларының (Science Citation Index Expanded), Social Science Citation Index (Social) бірінде индекстелген Web of Science Core Collection (Web of Science Core Collection) ішіндегі Science Citation Index) немесе Arts and Humanities Citation Index (Arts End Humanities Citation Index) немесе Scopus дерекқорындағы CiteScore пайыздық ұпайы кемінде 25 (жиырма бес) процентильді құрайтын халықаралық рецензияланған ғылыми журналда жарияланған кемінде 1 (бір) ғылыми мақаланың болуы.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

  1. Басқарма Төрағасы-Ректордың атына өтініш;
  2. Конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
  3. Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы, өмірбаян;
  4. Соңғы жұмыс орнынан мінездеме және/немесе ұсыныс хат;
  5. Конкурсқа қатысушының 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті фотосуретімен қызметтік тізімі;
  6. білімі, ғылыми / академиялық дәрежесі, ғылыми атағы туралы құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;
  7. Ғылыми хатшы куәландырған соңғы 5 жыл ішінде жарияланған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының (болған жағдайда) тізімі;
  8. Біліктілігін жоғарылату және қайта даярлаудан өткені туралы сертификаттардың көшірмелері және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары (соңғы 3 жыл);
  9. № 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
  10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
  11. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар және наркологиялық аурулардың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтамалар;
  12. Факультетті дамыту бағдарламасының презентациясы (қағаз және электронды таспада, көлемі 10  слайдтан артық емес, презентация жасау регламенті 7-10 минут).

Құжатттарды тапсыру және өтініш беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі керек.  

Мекен-жайымыз: 040000, Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров көшесі, 187а, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің бас ғимараты, Персоналды басқару және құжат айналымы бөлімі.

Байланыс телефоны: 8-(7282) — 22-00-51

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 22.08.2024 ж. дейін жүргізіледі.