І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға ие болған ғалымдарды құттықтайды!
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінінің конкурс нәтижесі бойынша «Өмір және денсаулық туралы ғылымдар» және «Елдің зияткерлік әлеуеті» басым бағыттары бойынша төрт ғылыми жоба қаржыландырылды. Бұл жобалар қазіргі заманғы ғылымның инклюзивті білім беру, геномдық сканерлеу және бидайды қарқынды селекциясы, климаттық миграция және сұйықтықтардың турбулентті ағымдарын зерттеу сияқты өзекті тақырыптарды қамтиды.
Зерттеулер Ұлыбританияның Джон Иннес Орталығы, Пәкістанның Ұлттық ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу орталығы және Швецияның Лунд университеті сияқты жетекші шетелдік университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен бірлесіп жүргізілетін болады. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Қазақстанда алғашқы болып «Speed Breeding» технологиясын енгізіп, оны «Орталық Азия бидайына толық геномды сканерлеу, автоматтандырылған фенотиптеу және интенсивті селекция әдістері арқылы құндылықтар қосу» зерттеу жобасы аясында қолданатынын атап өту қажет.
Біз ғалымдарымыздың Қазақстан ғылымы мен технологиясының дамуына қосқан үлесін мақтан тұтамыз!
«Өмір және денсаулық туралы ғылым» басым бағыты:
1. Ермекбаев Канат Абаевич Жоба: «Орталық Азия бидайына толық геномды сканерлеу, автоматтандырылған фенотиптеу және интенсивті селекция әдістері арқылы құндылықтар қосу». Грант сомасы: 149 484 042 теңге
«Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер» ғылым бағыты бойынша «Елдің зияткерлік әлеуеті» басым бағыты:
2. Майлыбаева Гульмира Сабыровна Жоба: «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлау». Грант сомасы: 81 120 077 теңге
3. Нұрмұханқызы Дания Жоба: «Қазақстандағы климаттық көші-қон: салдарын түсіну және бейімделу стратегияларын жақсарту». Грант сомасы: 86 985 569 теңге
«Жаратылыстану ғылымдары» ғылым бағыты бойынша «Елдің зияткерлік әлеуеті» басым бағыты:
4. Топаев Султан Орланович Жоба: «Цилиндрлі төбедегі эластовископластик тұтынысты турбуленттік жылуын эксперименталды зерттеу». Грант сомасы: 115 534 000 теңге
Осылайша, 2024 жылы Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ҚР ҒжЖБМ гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруының жалпы сомасы 1,1 миллиард теңгеден асты!
Талантты ғалымдарды шын жүректен құттықтаймыз және ғылыми зерттеулерінде табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! Ғалымдардың ашқан жаңалықтары қоғамға үлкен пайда әкеліп, елдің ғылыми әлеуетін нығайтып, ғылымның дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз.