Семинар

2024 жылғы 23 тамызда «MOCCA: Multilevel Orders of Corruption in Central Asia» https://mocca.blogg.lu.se/ жобасы аясында семинарлар өтті. Спикерлер:

Стамбул Медипол университетінің  Докторы Дениз Генч «Exploring Limitations and Challenges in Norm Diffusion Processes: A Study of Anti-Corruption Efforts by IOs in Central Asia» атты тақырыпта баяндамасын жасады. Баяндамада Доктор Дениз Генч сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық ұйымдардың Орталық Азиядағы әрекеттерін талдай отырып, жаһандық деңгейде олардың қызметі мен әсерін қарастырды.

Эстония бизнес мектебінің Докторы Ниведита Прабакаран Панкова «Revisiting Corruption and Economic Growth using Nightlights» тақырыбында баяндама жасады. Доктор Панкова сыбайлас жемқорлықтың экономикалық өсуге әсерін талдауда «түнгі жарықтар» әдісін қолданудың артықшылықтарын атап көрсетті. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен экономикалық өсу арасындағы байланысты зерттеуде осы әдістің көмегімен алынған деректерді талдап, экономикалық көрсеткіштер мен сыбайлас жемқорлық деңгейінің арасындағы ықтимал өзара байланыстарды зерттеді.

Семинар барысында ұсынылған баяндамалар өзекті мәселелерді талқылап, қатысушылардың назарын сыбайлас жемқорлық пен экономикалық өсу арасындағы жаңа зерттеу тәсілдеріне аударды. Талқылаулар барысында баяндамашылар өздерінің зерттеу әдістері мен нәтижелерін бөлісіп, қатысушылар сұрақтар қойып, пікірлерін білдірді.