Конкурс

«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің комплаенс – офицер бос қызмет орнына конкурс жариялайды.

Біліктілік талаптары:

1) құқық, экономика немесе қаржы саласындағы жоғары кәсіптік білім;

2) басшылық лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

3) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, Қоғамның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін білу;

4) өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жеткілікті білімнің, тәжірибенің және біліктіліктің болуы;

5) ұйымдастырушылық және аналитикалық қабілеттер мен дағдылардың болуы;

6) компьютерлік дағдылардың болуы;

7) Қоғам қызметінің ерекшеліктерін білу;

8) мемлекеттік және шет тілдерін білу. Магистр немесе PhD докторы дәрежесіне артықшылық беріледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1. Басқарма Төрағасы-Ректордың атына жазылған өтініш;

2. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы, өмірбаян;

3. Жоғары білім, магистр немесе PhD докторы дипломының нотариалды куәландырылған көшірмелері ;

4. Мінездеме;

5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

6. № 075 медициналық анықтама.

7. Тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдардан анықтама.

Құжаттар тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күн. Құжаттарды мына мекенжайға тапсыру керек: Талдықорған қаласы,Жансүгіров к., 187а,І. Жансүгіров атындағы ЖУДиректорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы тел. 8(7282)22-00-51, ұялы тел. 87014899771