Семинар

2024 жылы 06 қыркүйекте Жетісу университеті Ғылым және коммерцияландыру департаменті қызметкерлері университеттің жас ғалымдарына «2025-2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға конкурстық құжаттама және өтінімді ресімдеу қағидалары» атты семинар өткізді. Аталған шарада факультеттерден жиналған, конкурс талаптарына сай келетін жас ғалымдарға аталған конкурсқа қатысуға қатысты ереженің ерекшеліктері түсіндірілді. Оффлайн және онлайн форматтарында қатар өткен бұл семинар соңында жас ғалымдар өздерінің сұрақтарын қойып, семинар талқылау формасында өтті.