09.09.2024 жылы Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, «Шетел тілдері және аударма ісі БББ» оқытушысы, «Аударма ісі-411» тобының жетекшісі Мусабаева А.Н. кураторлық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында Қазақстан Республикасы Призеденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауымен (02.09.2024) таныстырып, оны терең талқылады. Президент Жолдауының басты мақсаты – елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, құқықтық тәртіп пен қоғамдық оптимизмді нығайту. Бұл бастама халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, өнеркәсіптік әлеуетті тиімді пайдалануға, инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған. Президенттің білім және ғылым саласына қойылған тапсырмаларды ерекше назарға алды. Қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясын нығайту қажеттілігі де ерекше атап өтілді.