Дебат турнирі

І.Жансүгіров атындағы Жетісу униерситетінде университеттің «Жастар саясаты бөлімі» мен құқық және экономика факультеті және «ISQ» дебат клубының ұйымдастыруымен дебат турнирі өтті. Жарыс барысында қазіргі қоғамдағы болып жатқан мәдениет және өркениет пен әлеуметтік мәселелерді талдап, өте қызықты да және тартысты бәсеке болып өтті.  Жарыс соңында жеңімпаздар анықталып «Jastar Ruhy» жастар қанатының  Жетісу облысы бойынша төрағасы Батырбек Байырханұлы қатысушыларды құттықтап  дипломдар мен сыйлықтар табыстады.

Турнир жеңімпаздары:

1 орын — «Қисынды аяқ» фракциясы

2 орын — «Алып» фракциясы

3 орын — «Комета» фракциясы