Естеліктер жинағы

Қыркүйек айында гуманитарлық факультеті, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры,педагогика ғылымдарының кандидаты Сәния Медетбековна Машанованың “Естелік жинағы” кітабының тұсаукесер салтанаты  ұйымдастырылды. С.М.Машанова университетіміздің дамуы мен гүлдену жолында аянбай 45 жыл еңбек етіп келе жатқан ұлағатты  ұстаз, ғалым, тәлімгер. Салтанатты жиында гуманитарлық факультет деканы Ж.Б.Есенбек, ұстаздың шәкірттері  педагогика ғылымының  докторы Қ.Т.Наубаева, педагогика және психология факультетінің ғылыми жұмысы бойынша декан орынбасары А.О.Есимбекова  құттықтауларын жолдап,ұстаздың әріптес шәкірттері  арнау өлеңдерін оқыды.